4. Бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, күзет қызметінің субъектілеріне, мамандандырылған оқу орталықтарына және күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметпен айналысатын субъектілерге бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша уәкілетті орган немесе оның аумақтық құрылымдық бөлімшелері анықтаған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары болып табылады.
5. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау уәкілетті органда, уәкілетті органның ведомствосы мен оның аумақтық құрылымдық бөлімшелерінде бар деректерді:
1) осы Заңның 8-бабының 4-тармағына сәйкес ағымдағы және сұрау салынатын ақпаратты;
2) сұрау салу арқылы уәкілетті ұйымдар мен мемлекеттік органдардан алынған мәліметтерді;
3) әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді өзара салыстыру арқылы жүргізіледі.
6. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, күзет қызметінің субъектісіне, мамандандырылған оқу орталығына, күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметпен айналысатын субъектіге бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсыным жіберіледі.
7. Ұсыным күзет қызметінің субъектісіне, мамандандырылған оқу орталығына және күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметпен айналысатын субъектіге жеке өзіне қолын қойғызып немесе оны жөнелту және алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.
Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол - ұсынымда алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
2) поштамен - тапсырысты хатпен пошта жөнелтілімін алғаны туралы хабардар етілген күннен бастап;
3) электрондық тәсілмен - уәкілетті орган немесе оның аумақтық құрылымдық бөлімшелері сұрау салған кезде күзет қызметі субъектісінің, мамандандырылған оқу орталығының, күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметпен айналысатын субъектінің хатта көрсетілген электрондық мекенжайына уәкілетті орган немесе оның аумақтық құрылымдық бөлімшелері жөнелткен күннен бастап табыс етілген болып саналады.
8. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
9. Күзет қызметінің субъектісі, мамандандырылған оқу орталығы, күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметпен айналысатын субъект ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген уәкілетті органға және оның аумақтық құрылымдық бөлімшесіне ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
10. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне қосу арқылы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындауға алып келеді.
11. Күзет қызметінің субъектілеріне, мамандандырылған оқу орталықтарына, күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметпен айналысатын субъектілерге бармай профилактикалық бақылау жылына кемінде бір рет жүргізіледі.
ҚР 22.02.02 ж. № 297-II Заңымен; 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2008.04.07 № 53- ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара) 21-бап өзгертілді; 2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 21-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21-бап. Күзет қызметiнiң субъектiлерiн, мамандандырылған оқу орталықтарын есепке алу
Уәкiлеттi орган мен оның аумақтық құрылымдық бөлiмшелерi күзет қызметiнiң барлық субъектiлерiн, мамандандырылған оқу орталықтарын, сондай-ақ лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру немесе олардан айыру туралы деректердi бiрыңғай есепке алуды жүзеге асырады.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 22-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 405-VІ ҚР Заңымен 22-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
22-бап. Күзет қызметi саласындағы заңдылықтың сақталуын қадағалау
Қазақстан Республикасының аумағында күзет қызметi саласындағы заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды заңда белгіленген шекте және нысандарда Қазақстан Республикасының прокуратурасы және оның аумақтық органдары жүзеге асырады.
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 23-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
23-бап. Күзет қызметімен, мамандандырылған оқу орталықтарының қызметімен, сондай-ақ күзет дабылы құралдарын монтаждаумен, баптаумен және оларға техникалық қызмет көрсетумен айналысатын субъектілердің жауаптылығы
Осы Заңда көзделмеген күзет ұйымдарын, мамандандырылған оқу орталықтарын, күзет дабылы құралдарын монтаждауды, баптауды және оларға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарды құру немесе олардың қызметі, сондай-ақ осы қызмет түрлерін тиісті рұқсаттарды алмай немесе осы Заңда белгіленген тәртіпті бұза отырып жүзеге асыру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
Қазақстан Республикасының
| Президенті | Н. Назарбаев
|